Өрт 150 шаршы метр жерді шарпыды
Павлодар облысында өрттен бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Өрт Павлодар облысы Кемеңгер ауылында болған. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді қамтыды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Өртті сөндіруге 3 техника мен 8 қызметкер қатысқан.