Биыл Алматыда жол ережесін бұзған 650 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды

Фото: ашық дереккөзден

 Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 650 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2020 жылдың сегіз айында ҚР жол ережелерін бұзғаны үшін 654 мың 378 жол пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды», - деп жазылған ақпаратта.

Тағы 8 мың 534 әкімшілік іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. 1 мың 267 жүргізуші куәлігінен айырылды, 816 адам әкімшілік қамауға алынды.