Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылып, 4 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел жәрдем «Audi» маркалы автокөлікпен соқтығысты

Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Жол-көлік оқиғасы Қан орталығы ғимаратының маңында болды. Жедел жәрдем «Audi» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілсе, қалғандары облыстық ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.