Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицей өртеніп жатқан үйден тағы бір адамды алып шықты

Фото: polisia.kz

Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден зейнеткерді алып шықты. Алайда үйдегі екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Түнгі үштер шамасында Лазарев көшесіндегі жеке үй өртенді. Сонымен қатар үйдің ауласында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Полиция қызметкері өртеніп жатқан үйіне кіріп, зейнеткерді алып шықты», - деп жазылған хабарламада.

Полицей үйдің шатырының астынан жалын шығып жатқанын көріп, алдымен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятқан.