Түркияда 9 жастағы қазақстандықты көлік қағып, мерт болды
28 қыркүйекте Yeni Alanya басылымы Түркияға Қазақстаннан барған 9 жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабар таратты. Басылымның хабарлауынша, оқиға Анталия провинциясындағы Алания ауданында болған. Медициналық бригада баланы ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қала алмады. Баланы қаққан кінәлі ұсталып, тергеу басталған.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны растап, жол апатынан мерт болған баланы ата-анасы Түркия аумағына жерлегенін айтты.
«Қайтыс болған баланың ата-анасы консулдыққа хабарласқан жоқ. Біздің мәліметіміз бойынша олар ұлын Түркия аумағында жерлеген», - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадрияров.