Қызылорда облысында заңсыз қарақұйрық атып алған браконьер қолға түсті
27 қыркүйекте «Охотзоопром» мекемесі мен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бірлесіп өткізген шарасы барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдікке ілінген «Урал» мотоциклінің жүргізушісі тоқтатылып, нәтижесінде көліктен ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, аңшы мылтығы және пышақ алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.