Маңғыстау облысында басына оқ тиген сарбаз ісі бойынша тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында әскери полиция басына оқ тиген сарбаздың ісі бойынша тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық ұланға сілтеме жасап. 

«Жедел тергеу тобы құрылды. Оған әскери тергеу басқармасы, Қорғаныс министрлігінің әскери полциясы және Ұлттық ұланның әскери полициясы енген», - деді 6656 және 3502 әскери бөлімдерінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы Любовь Подковырова. 

Естеріңізге сала кетсек, 24 қыркүйек күні Ақтаудағы 30502 әскери бөлімінде 19 жастағы сарбаздың басына оқ тиген еді.