Олар бюджетке 776 млн теңге көлемінде залал келтірген
Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «СТОП ОБНАЛ» шарасы аясында, ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал көлемі 776 млн теңгені құрап отыр.
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1,2-б. бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық топтың басшысы және оның қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.