Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде жүкті әйел жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің көмегімен бала да, анасы да құтқарылды

Фото: ашық дерек көзінен

Әзірбайжан Қарулы күштерінің бейбіт елдімекендерге артиллериялық оқ атуы салдарынан жүкті әйел ауыр жарақат алды. Бұл туралы 27 қыркүйекте Қарабақ омбудсмені Артак Бегларян Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бақытымызға орай, біздің дәрігерлердің кәсіби араласуының нәтижесінде бала да, ана да құтқарылды»,- деді ол.

Еске сала кетейік, жексенбіде Әзірбайжан қарулы күштері халықаралық гуманитарлық құқықтың қолданыстағы нормаларын және қақтығысты шешу жөніндегі бейбіт келіссөздер логикасын өрескел бұзып, бейбіт елдімекендерге шабуыл жасады.