Моңғолияда суыр етін жеген қыз бубон обасына шалдықты

Автор: Azattyq Rýhy

Науқаспен байланыста болған 19 адам оқшауланды

Көрнекі фото: nationalgeographic.kz

Моңғолияда суыр етін жеген қыз бубон обасына шалдықты, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Ауру зоонозды аурулардың ұлттық орталығында расталған.

«25 жастағы қыз Алтай аймағының Ховд провинциясындағы ауруханаға жеткізілді, онда зертханалық зерттеулер оба инфекциясын растады»,- делінген хабарламада.

Бубон обасына шалдыққан қызбен байланыста болған 19 адам оқшауланды.

Осы орталықтың соңғы мәліметтеріне сәйкес, жалпы саны 17 моңғол аймағында бубон обасының таралу қаупі жоғары болып отыр.