1 тамыздан бастап елімізде 350 адам пневмониядан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020 сайты. 

Сондай-ақ пневмониядан 1 адам қайтыс болды, 21 адам аурудан айығып кетті. 

Айта кетейік, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап, коронавирус белгісі бар пневмониямен науқастанғандар саны 32490 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 350 адам қайтыс болып, 27057 адам аурудан жазылып шықты.