Ақтау базарында өрт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге жүзден астам адам жұмылды

Фото: inaktau.kz

Ақтаудағы «Масат» базарында алапат өрт болды. Өртті сөндіруге жүзден астам адам жұмылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inAktau парталына сілтеме жасап.

«Базардағы өрт туралы дабыл 27 қыркүйекте сағат 6.55-те түскен. Екі сауда қатары отқа жабылды, 17 сауда нүктесі мен 14 контейнер және жалпы ауданы 750 шаршы метр шатыр астындағы 60 орын өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 68 қызметкері және 13 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінен 10 адам және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полицей және 25 техника жұмылды», - деп жазылған Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратында.