Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол кафеде 150 мың теңге болатын екі смартфон ұрлап кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер телефон ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адам кафеде жалпы құны 150 мың теңге болатын екі смартфонды алып кеткен. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған екен. Ұрланған телефондар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Соталды тергеу жүріп жатыр, зейнеткер кінәсін мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер қазақстандықтардан аса мұқият болуды және жеке заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды.