Қызылорда облысында балаларды зорлау дерегі 49% артқан

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандардың айтуынша, мұндай статистика зорлық құрбандарының полицияға дер кезінде жүгінбеуінен көрінеді

Фото: 24.kz

Қызылорда облысының Сырдария ауданында қыз балаға азғындық әрекет жасау дерегіне қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Ал кәмелет жасқа толмаған қыз жергілікті оңалту орталығына жіберілді. Жыл басынан бері облыста балаларды зорлау деректерінің саны 50 процентке артқан. Мамандардың айтуынша, мұндай статистика зорлық құрбандарының полицияға дер кезінде жүгінбеуінен көрінеді.

«Ата-аналар балаларына бей-жай қарамай, әрдайым сөйлесіп отыруы керек. Балалардың заңды құқықтарын да түсіндірген абзал. Қазір көріп отырғандай, зорлық-зомбылық құрбандары қорқып, арыздарын кеш беріп жатыр. Салдарынан тергеу сапасы нашарлайды», - деді ҚР бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Аружан Саин.