Арыс-Шымкент тас жолында үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бес адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында «ВАЗ»және Mazda автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД мәліметтеріне сәйкес, оқиға орнында жол апаты салдарынан үш адам – «ВАЗ» жолаушысыболған ер адам және Mazda көлігінде отырған екі әйел қаза тапқан. Тағы бес адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға орнында Ордабасы аудандық полиция басқармасы және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде. Аталған факті СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді.