Қостанай облысының үш ауылы құс тұмауына байланысты карантинге жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеке аулаларда 220 құс қырылды

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Диагнозды Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жеке аулаларда 220 құс қырылды. Сондай-ақ Арқалық құс фабрикасында өлім фактілері туралы ақпарат пайда болды. Қазір онда арнайы комиссия жұмыс істеуде. Құс тұмауы әлі расталған жоқ. Өлген құстардың саны туралы нақты ақпарат жоқ. Карантин енгізілген елдімекендерде мәйіттер жойылып, дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар вакцинация жүргізіледі. 

«Бізге вакцинаның 21 мың дозасы келіп түсті. 15 550 доза қазірдің өзінде қолданылды, яғни құстар егілді. Аталған елдімекендерде және жақын маңдағы елдімекендерде вакцинация жүргізіледі» деді Қостанай облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет.