Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел ауруханада көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған

Күйеуі үстіне жанармай құйып өртеп жіберген елордалық әйел ауруханада көз жұмды. Бұл ақпаратты Травматология және ортопедия ҒЗИ баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас денесінің 75 пайызын күйік шалған. Оның тек тізеден төмен бөлігі ғана аман, қалған дене мүшесінің барлығы дерлік зақымданған. Әйел 10 қараша күні сағат 1:35-те көз жұмған.

Еске салайық, 7 қазан күні астаналық 45 жастағы тұрғын отбасылық жанжал барысында 43 жастағы әйелін ұрып-соғып, қала сыртында өртеп жіберген болатын. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал, полиция ер азаматты ұстап, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша іс қозғады.