22.09.2020, 12:03
Оқиғалар
Елордада ауруханаға емделуге келген әйел науқастың смартфонын ұрлап кеткен
Полиция қала тұрғындарын қырағы болуға шақырды
Фото: ашық дереккөзден
Астана ауруханаларының бірінде емделіп жатқан пациент палатада бірге жатқан өзге әйелдің ұялы телефонын ұрлап ұсталып қалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті ұрлықты ауруханадан шығар күні жасаған. Қолды болған Samsung A5 смартфонының нарықтағы құны 80 мың теңге дейді жәбірленуші. Полицейлер оған телефонын қайтарып берді.
«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан барынша мұқият болуды сұраймыз, өйткені ұрлық – ең жиі жасалатын қылмыс болып есептеледі», - делінген аталған хабарламада.
Көп оқылған
15.07.2026, 12:33
Тараздан Норвегияға көшіп кеткен екі қыз әкелерінің қайтыс болғанын тек төрт айдан кейін естіген
15.07.2026, 14:20
Алматыда көпшілік алдында дипломын жыртып жіберген студент ұстаздарынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
15.07.2026, 09:44
Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматын АҚШ-тағы атақты киллер тапсырыспен өлтірген болып шықты (ВИДЕО)