Лондон тұрғындары локдаунға қарсы

Автор: Azattyq Rýhy

Қақтығыс барысында 32 адам ұсталды

Фото: ашық дерек көзінен

Лондонда кезекті локдаунға қарсы наразылық шарасы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Трафальгар алаңында митингке мың адам жиналды. Адамдар Үкіметтің локдаун енгізу жоспарларына қарсы шықты. Акция басталғаннан кейін көп ұзамай демонстранттар мен оларды бақылайтын полиция қызметкерлері арасында атыс басталды. Қақтығыс барысында 32 адам ұсталды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлыбритания билігінің өзін-өзі оқшаулауды бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін 13 мың долларға дейін ұлғайту ниеті туралы белгілі болған. Сондай-ақ, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустық инфекцияның өсуіне байланысты елдегі карантиндік шаралардың қатаңдатылуын жоққа шығармады. Жалпы, патшалықта COVID-19 расталған 340 мыңға жуық жағдай тіркелген.