Олардың бесеуі – балалар
Оралда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дәулеткерей көшесі 31-үйдің бесінгі қабатындағы 12-пәтерде жеке заттар жанды. Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 30 адам шығарылса, олардың бесеуі – балалар. Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатыр.