$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 15:03
Оқиғалар

Қарағандыда велосипед ұрлаған әйелдер бейнекамераға түсіп қалған

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды 

Қарағандыда велосипед ұрлаған әйелдер бейнекамераға түсіп қалған
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандының тәртіп сақшылары велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің көпқабатты үйдің кіреберісінен 50 мың теңгенің велосипедін ұрлап кеткенін айтып арызданған.

«Оқиға орнында жұмыс істеген полицейлер қылмыс болған жерге қарсы тұрған үйден бейнебақылау камерасын көрген. Камераның жазбаларын тексеру кезінде велосипед ұрланған үйге екі әйел кіріп, кейін олардың велосипедті алып шығып бара жатқаны көзге түскен. Криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында 34 және 38 жастағы әйелдер ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары