ШұғылҚазақстанда 39 бала Кавасаки синдромына шалдықты

ЕХРО қалашығының үлескерлері ақшасыз, баспанасыз далада қалған

Қазақстанда баспана аламын деген үлескерлер 3 миллиард 200 миллион теңгеге алданып қалған

Фото: ашық дереккөзден

ІІМ-нің дерегінше, 27 қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр, деп хабарлайды AstanaTV.

Министрліктің дерегінше, үлескерлер проблемасы барлық аймақта бар. Мәселен, астанадағы бір ғана «Шығыс» тұрғын үй кешені бойынша шығын көлемі 185 миллион теңгеге жуықтайды. Әзірге 24 жәбірленуші анықталған. Бұдан өзге, комфорт санаттағы баспанаға да қатысты тергеу әлі жалғасуда.

«ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов: «Нұр-Сұлтан қаласында Expo New Life тұрғын үй кешені үлескерлерінің өтінішімен «Шанг Хи Груп» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша біз екі эпизодты тіркедік, келген залал сомасы 2 миллиард теңгеден асты. Маңғыстау облысында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің құрылысы жөнінде қылмыстық іс тергелуде. Мұнда 21 үлескер –жәбірленуші, залал 252 миллион теңгеден асады», – деді.