Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызылорда облысында «STOP трафик» жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлері рейдтер ұйымдастырды. Шара барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 әйел анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп жазылған хабарламада.