Петропавл полицейлері «жеңгетайлық» фактісін ашып, 16 әйелді есепке алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде 

Фото: ашық дереккөзден

Адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу және жолын кесу мақсатында Солтүстік Қазақстан полицейлері «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Сексуалдық қызмет ұсынып жүргендер ұсталып, 16 әйел есепке қойылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері монша,  қонақүй кешендерін, ойын-сауық орындары,  құрылыс,  шаруа қожалықтары сынды адамдарды заңсыз  жұмысқа және сексуалдық мақсатта пайдалану фактілері кездесуі мүмкін басқа да объектілерді тексерді. Шараны облыстық әкімдік, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және еріктілер бірлесе жүргізген.

Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде облыс бойынша «жеңгетайлықтың» бір фактісі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 3 фактісі анықталды. Есепке 16 әйел қойылды, оның біреуі Қырғыз Республикасының азаматшасы, олардың әрқайсымен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО