Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 30 мыңға жуықтады
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар пневмониядан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Індеттен 30 адам сауығып шықса, 77 адамның ауырғаны белгілі болды.
Елімізде 1 тамыздан бастап коронавирус белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны 29 658 адамға жетті. Бұл аурудан 328 адам көз жұмса, 6 853 адам емделіп шыққан.