Облыста «Қарасора-2020» Жедел алдын алу шарасы өтті
Жамбыл облысында «Қарасора-2020» Жедел алдын алу шарасы барысында екі тоннаға жуық есірткі заты анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 маусымда басталған «Қарасора - 2020» жедел алдын алу шарасының үш айы ішінде Жамбыл облысында есірткіге қатысты 209 факт анықталды. Барлығы заңсыз айналымнан екі тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде 1 тонна 900 келіден астам марихуана, 27,5 келіге жуық гашиш, 1 келі синтетикалық есірткі және 2 келіге жуық канабис шайыры бар», - деп жазылған хабарламада.