Ақтөбе облысында анасының асылып қалғанын көрген жігіт өзін пышақтап өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл отбасында жанжал болған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында екі суицид жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

«12 қыркүйек күні Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде өз үйінде 1957 жылы туған әйел асылып қалған. Бұған дейін отбасында жанжал болған. Анасының денесін тапқан 28 жастағы жігіт асханаға барып, өзін пышақтағаны белгілі болды. Ол оқиға орнында қаза тапты», - деп жазады басылым.

Әкімдік өкілдері бұл отбасының еш жерде тіркеуде тұрмағанын мәлімдеді. Ал жас жігіттің мұнай компаниясында жұмыс істегені, бұрын ажырасып, қайтадан үйленгелі жүргені анықталды.