Өрт салдарынан дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келген
Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Оқиға 7 қыркүйек күні болған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан қашып кеткен. Өрт салдарынан дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді», - деп жазылған ақпаратта.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.