Салонда интимдік қызмет көрсеткен үш әйел ұсталды
Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салонында жыныстық қызмет көрсеткен притон анықталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған тұрғын және интимдік қызмет көрсеткен үш әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деп жазылған хабарламада.