Жолаушы созылмалы аурудан көз жұмған болуы мүмкін
Алматы – Қостанай бағытында ұшқан әуе рейсінде 70 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«9 қыркүйекте кешкі сағат 17:34-те Қостанай стансасының желілік полиция бөлімшесіне Алматы – Қостанай әуе рейсінің 70 жастағы жолаушысы қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша жолаушы созылмалы аурудан көз жұмған», - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің өкілі Ләззат Қасымжанова.
Департамент өкілінің хабарлауынша, қазір оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мағлұматтар тергеу мақсатында жария етілмейді.