Қаланың бас санитарлық дәрігерінің №36 қаулысының талаптарына қарамастан, жұмыс істеген сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды
Шымкентте карантин кезінде «Royal» саунасы жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 қыркүйекте Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Самал-2 шағын ауданында орналасқан «Royal» саунасын анықтады.
Қаланың бас санитарлық дәрігерінің №36 қаулысының талаптарына қарамастан, жұмыс істеген сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды. Жиналған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.