Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 63 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысында қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1600-ден астам тәртіп бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 63 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1680-нен астам тәртіп бұзушы ұсталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 3000-нан астам адам, оның ішінде 119-ы әкімшілік қамауға алынды, 3127-іне айыппұл салынды.
Қоғамдық орындарда қоқан-лоққы жасағаны үшін 600-ден астам әкімшілік іс қозғалды. Белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін-90-нан астам адам жауап берді.