Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
7 қыркүйек күні сағат 20:25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «101» өрт сөндіру қызметінің пультіне Ш. Айманов көшесі, 24 мекен-жайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 қабатты әкімшілік ғимаратта 3-қабатта ашық өрт орын алып, одан кейін жоғары орналасқан қабаттарға таралған.
21:14-те 200 ш.м. алаңға тараған өрт ауыздықталды. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 41 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.