Өртенген аумақтың жалпы ауданы 2 гектарды құрайды
Атырау облысында Каспий теңізінің жағасындағы қамыс тағы да өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барып, өрттің Атырау қаласынан шамамен 35 км қашықта, Каспий теңізінің батпақты жағалауында болғанын анықтады. Барлау кезінде «Веста» ауданында шамамен 500-800 шаршы метр болатын үш ошақ анықталды. Бұрын өртенген қамыстың орны түтіндеп жатыр. Өртенген аумақтың жалпы ауданы 2 гектарды құрайды», - деп жазфлған хабарламада.
Ал «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы өрттің таралмауы үшін 25 қызметкер мен 7 техниканы дайындап отыр.