Елордалық екі жеке кəсіпкер мемлекетке 60 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар отыздан астам мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйымға қатысты алаяқтық жасаған

Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісін анықтады.

Елордалық екі жеке кәсіпкер 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін ҚР аумағында жанар-жағармай материалдарының сатып алу бағасына сəйкес келмейтін төмен бағада ЖЖМ сатуды өтінімде көрсетіп, электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан.

«Алайда, жеке кәсіпкерлік басшылары электрондық мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен жағдайда конкурстық құжаттамаға сəйкес тапсырыс берушілер ЖК келісімге қойғаннан кейін бірден 100% төлем жүргізетінін білді. Осы шартты пайдалана отырып, жеке кəсіпкерлер отыздан астам мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйымға қатысты алаяқтық əрекеттерді іске асырып, мемлекетке 60 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді», - деп хабарлайды Қаржы комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімінің 2-тармағына сəйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық əрекеті) сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.