Қарағандыда болған атыс: екі адам жарақат алып, біреуі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті ретінде 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды

фото: polisia.kz

Қарағанды қаласында пышақ жарақатын алғаг үш адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға оқ тиген үш тұрғын жатқызылып, біреуі алған жарақатынан қайтыс болған.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.