Қостанайда 30 адамды өрттен құтқарған полицей марапатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Конституция күні қарсаңында барлығы 118 полицей марапатталды

Фото: polisia.kz

Қостанай облысының Полиция департаментінде Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен патрульдік полиция инспекторы Нұрбек Есқабыл марапатталды. Полицей биыл әріптесімен бірге өрттен 76 жастағы зейнеткер мен сәбиді құтқарған. Жанып жатқан үйден барлығы 30-дан астам адам эвакуацияланды. 

«Конституция күнін мерекелеу қарсаңында барлығы 118 қостанайлық полицей марапатталды, оның ішінде 23 қызметкер Ішкі істер министрінің құқықтарымен марапатталды», — деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.