Таразда алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол материалдарды сотқа жібермеуді сұраған

Фото: polisia.kz

Таразда пробация қызметінің қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 жастағы ер адам пробация қызметкеріне тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап, 40 мың теңге пара ұсынған. 

«Тараз қалалық №2 пробация қызметінің аға инспекторына пара ұсынған азамат қолға түсті. Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде», – деді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Ескеев. 

Айта кету керек, Жамбылда бір күн бұрын пробация қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматша ұсталған еді.