Ақтауда жеңіл автокөлік аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Ақтауда жеңіл автокөлік аударылып қалды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол апаты 30 тамыз күні кешкі сағат 20.30 кезінде болған. Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деп жазылған хабарламада.