20 жастағы күдікті қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 жасар Эдуард 29 тамыз күні жоғалып кеткен. Оның ата-анасы 30 тамызда полицияға хабар берді. Ата-анасының айтуынша, бала ойнауға аулаға шығып кеткен.
Полиция баланың денесін елдімекенге жақын маңнан тауып, оны біреудің өлтіріп кеткенін анықтады. Баланы соңғы көрген 20 жастағы күдікті қамауға алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.