Бірнеше мемлекетте жұмыс істеген қаржы пирамидасы 600 мың салымшының 250 млн долларын жымқырған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл пирамида Қазақстанда да жұмыс істеген

Фото: finance.liga.net

Украина қауіпсіздік қызметі (УҚК) 20 адам қатысқан B2B Jewelery қаржылық пирамида жұмысын әшкереледі. Қылмыскерлер 600 мыңнан астам салымшының 250 миллион долларын жымқырып үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LIGA.net-ке сілтеме жасап.

«27 тамызда тәртіп сақшылары Киев, Винница облыстары мен Одессада 48 жерден іздеу шараларын жүргізген. Сот қылмыскерлердің мүлік активтерін: банк шоттарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тәркілеген», - деп жазады басылым.

Ресми түрде B2B Jewelry қарапайым зергерлік бөлшек сататын мекеме ретінде жұмыс істеген. Компания Украинаның барлық ірі қаласында, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанда (Нұр-Сұлтан) 100-ге жуық дүкен ашқан.

Дүкендерде зергерлік бұйымдар сатылған. Бірақ сатып алушыға кэшбэк ұсынылған - бұл банк картасына төленген соманың 104 пайызы қайтарылуы.