Олар Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аңын атқан
26 тамыз сағат 12:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ қызметкерлері Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты «Есқара» құм өңірінде жол талғамайтын «Тойота» автокөлігінің ізіне түсіп, түнгі сағат 5 шамасында көлікті тексеру үшін тоқтатты. Тексеру барысында ҚР Қызыл кітабына енген екі қарақұйрық аңын заңсыз атып алған Байзақ ауданының екі азаматы ұсталды.
Экология министрлігінің хабарлауынша, ұсталған азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.