26 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 305 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 56 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:
Өткен тәулікте 781 жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 351 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1-26 тамыз аралығында:
Науқастар саны - 23 543, өлім жағдайлары - 263, барлығы 4 901 адам сауығып шықты.