Қызыл жалын 400 шаршы метрді қамтыды
Өрт Өскемендегі жеке сектордан басталып, бірнеше метр қашықтықта өршіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Аstana TV-ге сілтеме жасай отырып.
«Өрт жақын маңдағы жеке үйлерге таралады деген қауіп болды, сондықтан өрт сөндіру бөлімшелері осы мүмкіндікті болдырмау үшін барлық шараларды қабылдады», - деді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Титов.
Айта кетерлігі, соңғы уақытта бұл жердегі үй-жайларды сирек пайдаланған, шатыры құлаған. Ал бұл өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынның әдейі ұйымдастырылуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.