Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанай облысындағы Арқалық – Торғай тасжолында екі «Audi» көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды alau.kz.
24 тамызда түнгі сағат 01:20 шамасында Арқалық – Торғай жолында 44 жастағы «Ауди-89» көлігінің жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарама-қарсы жолаққа түсіп, «Ауди А4» көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 44 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.20 жастағы екінші жүргізуші жарақаттармен Арқалық орталық ауруханасына түсті.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.