ЖКО Жезқазған-Петропавл тас жолында болған
СҚО-да үш жасар бала жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ЖКО 22 тамыз күні таңертең Есіл ауданы Қаратал ауылының жанында Жезқазған-Петропавл тас жолының 845 шақырымында болған. Петропавл қаласының тұрғыны 21 жастағы Nissan Largo жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке құлап кеткен. Салонда жұбайы мен үш жасар қызы болды. Жолаушылар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Апаттың барлық жағдайлары мұқият тексеріледі. Барлық жүргізушілерді жолаушылар мен әсіресе жас балаларды тасымалдау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін мен жылдамдық режимін сақтап, рульде жоғары қырағылық таныту қажет»,—деп хабарлайды СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.