Каспий жағалауында жанып кеткен қамыс енді бықсып тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт шамамен, 4 гектар аумақты шарпыған

 

Атыраудан 20 шақырым жерде Каспий жағалауында өртенген қамыс енді бықсып тұр. Бұл қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Өрт алаңы шамамен, 4 гектарды құрады.  

«Бүгін біздің қызметкерлер оқиға орнына барып, дронның көмегімен барлау жүргізді. Алапат өрт сөндірілді, енді қамыс бықсып тұр. Жер батпақты болғандықтан, техника ол жерден өте алмайды. Барлаудан кейін ол жерге барудың мүмкін емес екені анықталды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

ТЖД сондай-ақ өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ екенін атап өтті.