Павлодарда өрт шыққан пәтерден 2 бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар терезе арқылы шығарылды

Фото: баспасөз қызметінен

Павлодарда өрт шыққан пәтерден 2 бала құтқарылды. Өрттің шығуына жоғарғы қабаттағы пәтердің балконынан ұшып түскен темекі  тұқылы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Өрт орнына келген кезде №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде балалардың бар екенін анықтады. Қарауыл бастығының командасымен бөлімше командирлері баспалдақпен пәтерге көтеріліп, терезе арқылы 2014-2015 жылы туған екі ұлды шығарды», - деп жазылған хабарламада.

  Балалардың анасы емізулі баласымен дүкенге кетіп, балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам өздігінен сыртқа шыққан.