Ол Тараз қаласында ұсталған
Полиция қызметкерлері тәрбиеленушілердің қаржысын ысырап қылды деген күдікпен Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы 30 жастағы М. есімді азаматшаны Тараз қаласында қолға түсірген. Ұсталған облыстық балалар үйінің қызметкері Алматы қаласына жеткізілді.
Аталмыш жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, күдіктінің ісін қарау Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.