Ол жәшіктің ішіндегі қаражатты ұрлап кеткен
Алматы облысының Жамбыл ауданында садақа жәшігін бұзған күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол садақа жәшігінің ішіндегі қаражатты ұрлап кеткен. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның жақын ауылдардың бірінің тұрғыны екені анықталды. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.